МҰҒАЛІМНІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫ — ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ

0
26

«Жамбыл-Өрлеу» Кәсіби дамыту институтының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 26-қазан мен 4-қараша аралығында Меркі ауданы бойынша тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Институтының білікті маманы Бибі Арғынбайқызы курс барысында педагогтарға керекті тың ақпараттар бере отырып, ұстаздардың құзіреттілігін арттыруда зор үлес қосты. Алғашқы күні педагогтар диагностикалық тест тапсырып, өз білім деңгейлерін көрсетті. Б.Скакова сабақта «Блум» таксономиясын қолдана отырып оқу мақсаттарын талдау, сабақтың мақсатын жаза отырып, тапсырмалар дайындаудың тиімді әдіс – тәсілдерін, дескриптор құрастыруды, талапқа сай қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау әдістерін үйретіп, курс барысында ұстаздарға жеке, топтық, жұптық тапсырмалар беріп, талдау жүргізіп отырды. Ұстаздар өздеріне таныс емес, үйренгісі келетін әдіс-тәсілдермен танысып, сол әдістерді қолданып сабақ жоспарларын құрастырып, тиімді сабақтар көрсетті.
Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылым әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осындай өзгерген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік – қабілетті мұғалім. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, мұғалім «болашақтың баласын да, данасын да, ғылымын да өсіреді». Сондықтан, қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін өзгертіп, жаңа формацияның мұғалімі болуға жан-жақты бетбұрыс жасауы керек.
Жаңа формацияның мұғалімі деген кім? Жаңа формацияның мұғалімі – жаңа заманға сай өзгерген мұғалім. Қазақстан Республикасының білім беру Тұжырымдамасында: «Жаңа формацияның мұғалімі – кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», — деп нақтыланып көрсетілген.
Курс соңына қарай ұстаздар қорытынды тест тапсырып, нәтижесінде курс бағдарламасын қаншалықты меңгергенін көрсетті. Ұстаздардың сүйіспеншілігі мен алғысына бөленген ұстаздардың ұстазы Бибі Арғынбайқызының талапшылдығы мен іскерлігінің арқасында курстан көп нәрсе үйрендік. Ұстаздардың Білім беру саласындағы еңбегі ерен ісі жемісті.

Жанар Байтулекова,
Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері

Comments are closed.