«Заңға бағыну – адамзат міндеті»
Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, ерте жүктілік, маскүнемдік және нашақорлықтың алдын алу мақсатында кешенді
іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында кездесу өтті.
Әл-Фараби бабамыз: «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Ендеше, бүгінгі жастарымыздың тыныс-тіршілігі қандай? Бүгінгі кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмаған жас нені білуі керек, өз құқығын жете біледі ме? — деген сауалдар айналасында ұйымдастырылған диалогтық алаңға мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Диалогтық алаң барысында кәмелетке толмағандарға «Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан (1994) түсіндірме жұмыстары мен кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда «Заңға бағыну – адамзат міндеті» екені, ол міндеттер: білім алу; тәртіп сақтау; мектеп мүлкін сақтау; үлкендерді сыйлау; ана тілдің тазалығы; әрдайым таза, ұқыпты жүру; темекі шекпеу, спирттік ішімдіктер ішпеу, салауатты өмір салтын сақтау екені нақтыланды. Психотерапевтік жаттығулар арқылы жас жеткіншектердің белсенділігі мен тыңдау қабілеттерін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмауға байланысты ақпараттар уақытында орын алуда, бұл үрдіске мектеп ұжымы қоғамдық бірлестікпен бірлесе жоспарланған шараны өткізуге ықпал етіп, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға байланысты түсіндірулер арқылы олардың бойында өз құқығын білуге, мінез-құлқына жауапкершілік және бір-бірін оқытуға мүмкіндіктер мен белсенділік танытуына қолайлы жағдай туғызды. Шара соңында сұрақ жауап рубрикасы аясында берілген сұрақтарға жас жеткіншектер белсенді қатысып, нәтижесінде ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Шара қатысушылар мен ұйымдастырушыларға оң нәтижелі әсер қалдырды.
Карачкуль Абиралиева,
Тілеміс батыр атындағы №4 ЖОББМ директорының құқықтық
тәрбие жөніндегі орынбасары