Жаралы жолбарыс
“Білімді туған жақсылар,
Аз да болса көппен тең!
Жақсысы кеткен ауылдың,
Артынан жақсы шықпаса,
Өртеніп кеткен жермен тең!”
Ақтамберді жыраудан
Ұрпағы бардың – ұланы бар, ал ұланы бардың – ұлылығы ұмытылмайды. Демек біз тарихымызды ешқашан ұмытпаған жандармыз .Елбасымыз бүгінгі өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге және жазуға мүмкіндік берді. Сондықтан бүгінгі сөзімде Қазақ батыры, елші, парасатты мәмілегер,әскери қолбасшы, сенімді серік, сарбаз, мыңбасы Ұлы жүздің дулат тайпасы ботпай руынан шыққан Жауғаш батыр Қырбасұлы біз үшін нағыз қазақ батыры, өйткені сол кезде атамыз өз еркімен Абылай ханның сарбаздарының қатарына қосылған,кейінірек Ханның әскери құрамын басқарған Абылай хан Жауғаш батырдың ерлігін жоғары бағалап, «Жаралы жолбарыс» деп атаған екен. Жауғаш батыр қандай жағдай болса да сөзіне берік, досқа адал, әділ кісі болған.
Ол туралы Бұхар жырау жырларында Абылай хан «Іздесем де табылмас, Жауғашжан, сендей құбаша ұл» деп мадақтаған Жауғаш батыр осы.
Елдікке ерлігі сай, тарихи деректерге сүйенсек Хан тұсында жоңғарлармен жиі соғысып, халық тыныштықты аңсайды. Бұл жер қалың қамыс пен қоғаның орны болған. Жылдар өтіп, кейінерек ел көшіп-қонып жүргенде осы тұғырық жер адамдардың құтты мекеніне айналады. Ақырындап тіршілік көзі жана бастайды. Абылай ханның жанында болған, сол кезде Жауғаш батырға аманат етіп табыстап кеткен Туды, Жеңіс туын ұстап көрдік. Уақыт өтіп,әділеттік орнығып, сол кездегі Жамбыл облысы Меркі ауданының Папанин ауылының ескі атауына Жауғаш батыр есімі берілді. Ал Кеңес үкіметінде орыс ұшқышының есімімен аталып жүрді. Біздер Батыр атамыздың есімін Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан соң естідік,осы ауыл мектебінен әріпті таныдық.
Ауылым алтын бесігім,тұғырым. Ауылымыз киелі жер,біздерге бабамыздан қалған аманаты деп білеміз. Бұрын үйдегі ата-әженің соңынан қалмай,бірге қонақтап Үлкендермен ілесіп «Үлкен үйге»барғаным әлі есімде.Үй иелері Қосаев Мұрат ағамыз бен Гүлмира жеңгеміз өте мейірімді, кішіпейіл және ауылымыздың сыйлы жандарының бірі, біздер үшін иманды, жанашыр әкеміздей болып кеткен тамаша жандар.Өйткені,ауылға барғанымызда Ақ мешітімізден ақ ниетті, ақ батасын жолдайтын осы кісілер. Ауылдағы мешіт 2007жылдан бері есігі ашық. Жауғаш батыр атындағы мешітті ауылымыздың тұрғыны Құрметті ақсақалы Әкімбек Сансызбаев салдырған.
Мешіт жалпы 60 адамға арналған. Ғимараты қызыл кірпіштен, шаруашылық бөлмесі және кітапханасы бар. Жауғаш батыр мешіттің ашылу салтанатына Бас мүфти, шығыстанушы,дінтанушы, әдебиет зерттеуші, сыншы, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі қажы қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, бата берді. Сол бала күніміздің кейбір сәттері есімізде қалған. Алғыс айтамыз.
Осы киелі ауылымыздан өсіп,ел үмітін атқарып келе жатқан аса Қадірлі тұлғаларымыздың бірі профессор Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы. Ағамыздың қамқорының арқасында, әсіресе ауылымыздың жас жігіттеріне кәсіптік білім алуына демеу болған Елжанды ағамызбен мақтанамыз.
Адам баласының тура жолдан адаспай, иманды болуы, оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының балаға мейірім көрсете алуына байланысты. Әдетте, қазақ отбасында имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Ұрпағымыз иманды, Елбасымыз аман, Еліміз тыныш, жеріміз гүлдене берсін!
Жақсымбетова Индира,
Щучинск қаласының №2 ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі