Жайдарлы жаз –2021

0
1062

№22 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері 1-маусым мен 18- маусым аралығында балалардың жаз кезіндегі демалысын,бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда. «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінде «Қарлығаш» және «Сұңқар» топтары жұмыс жасауда. Топ жетекшілері В. Нұрлыбаева мен Б. Мусаева. Үйірмелер де өз жұмыстарын жүргізуде. Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын қамтамасыз ету мақсатында «Экология әлемі», «Былғары доп», «Сиқырлы бояу», «Тоғызқұмалақ», «Ертегілер еліне саяхат» үйірмелері жұмыс жасаса,тәлімгерлер М.Құттымбетова әр күні жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырып өткізуде.Сондай-ақ оқушылар кітапханашы С.Шомбаевамен бірге үнемі тығыз байланыс орнатып, кітап оқуға деген құлшынысты арттыруда. 1-маусым күні «Айгөлек» жазғы сауықтыру ла-
герінің ашылуы мен 1-маусым «Балаларды қорғау» күніне арналған «Бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп директоры Е.Сейдалиев «Балаларды қорғау» күнімен оқушыларды құттықтап, «Айгөлек»
жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына ізгі тілегін білдіріп өтсе, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары П.Батырбекова жазғы лагерь жұмысына сәттілік тілеп, балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын естен шығармай, судағы қауіпсіздік және өрт, әртүрлі келеңсіз оқиғалардан аулақ болуға шақырып, «Жайдарлы жаз-2021» жақсы демалыс болсын деп өз тілегін жеткізді. Оқушылар өздері еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, кеш көңілді әнге, биге ұласты. Жазғы сауықтыру лагерінде іс-шаралар жалғасын табуда. Атап айтсақ: 4-маусым Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттың болашағы» концерттік бағдарлама, «Планетаға қауіп төніп тұр» плакаттар байқауы, «Ол не, бұл кім?» ойындар, Әлем табиғатында «виртуалды саяхат», «Қажетсіз бұйымдардан» бұйым жасау, «Табиғат аясында» табиғатқа саяхат, «Бақытты отбасы» шығармашылық байқауы, «Біздің отбасымыздың бір күні» фото жобасы іс-шаралары өз жалғасын табуда. 18-маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы «Ұмытылмас күндер» тақырыбында концерттік бағдарламалармен аяқтау жоспарлануда.

А.Ж.Шабикова,
№22 ЖОББМ «Айгөлек»жазғы сауық-
тыру лагері жетекш
ісі

Comments are closed.