«Мектепке жол» қайырымдылықтан басталады

0
1352

№16 жалпы білім беретін мектебінде балалар жүрегін қуанышқа бөлейтін дәстүрлі жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2019 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке!» атты ұранмен өтуде. Жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек пен қолдауға мұқтаж аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына мектебіміздің меценаттары Айдар Таиров, Нұрлан Абдикемелов, Талғат Досалиев, Мэлс Ракишов, Ахмет Кикинадзе, Берік Сламов, Эрик Шарипов сынды азаматтарымыз қамқорлықтары мен ықыластарын көрсетіп, демеушілік етіп мектеп формасы, оқу құралдарымен қамтамасыз етуде. Бұл қайырымдылық акцияның бастауы ғана, алдағы уақытта «Отбасы-отбасыға көмек көрсетеді, балаларды мектептке дайындаймыз!», «Ауыл балаларына мектепке сыйлықтар», атты қайырымдылық іс-шараларына ауыл тұрғындарын, жеке кәсіпкерлер, мектеп меценаттарын белсене ат салысуға шақырамыз.

Жадыра Наурызбаева,
№16 ЖББМ әлеуметтік педагогы

Comments are closed.