Мемлекеттік тіл-менің тілім
Адам өмірінің ең басты байлығы-оның тілі деп ойлаймын.Себебі,тілсіз күнің жоқ.Тіл-біздің болмысымыз, оның қатысуынсыз ештеңе орындалмайды.Тіл бар жерде-ел бар.Ел бар жерде-ұлт бар. Ал тіл ұлттың жаны.Әр ұлттың болашағы-оның ана тілі.Тіл-халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Тіл-әр ұлттың басты тірегі.Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында : Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес,алдымен өзін қамшылауы тиіс.Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.Тілге деген көзқарас,шыңдап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық.Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп айтатын боламыз деп атап өткен болатын.
Міне,бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктей түсті. Иә, қазақ тілі-мемлекеттік тіл.Ол Ата Заңда жазылған.Оны мойындап,мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту,бір сөзбен айтқанда ғылым,білім, техника тілі дәрежесіне жеткізу-бізге міндет,ұрпаққа парыз. Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл-қазақ тілі-Мәңгілік елдің мәңгілік тілі болып қала бермек.
Әр ұлттық болашағы оның ана тілінде.Тіл жоғалса,ұлттың да болашағы бұлыңғыр болып жоғалып кетуі сөзсіз. Тіл қай ұлтта,қай елде болса да, қастерлі, құдіретті.
Ана тілі әрбір адамға ана сүтімен бірге дариды. Менің ана тілім-өзбек тілі,өзімнің ұлттық тілімді қадір тұтамын. Ал, қазақ тілі, мен үшін-түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тіл. Тіл-таусылмайтын байлық болғандықтан, қанша тіл білсең де, көптік етпейді. Дегенмен, алдымен өзім өмір сүріп жатқан елімнің мемлекеттік тілін білуге міндеттімін. Сол себепті қазақ тілін жетік меңгеріп, қазақ тілінде бұрмалаусыз сөйлеуге тырысып бағуымыз қажет.
Тіл тағдыры-ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық.Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі-ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін қазақ тілінің жұлдызын биіктетуіміз керек. Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: Дауға салса-алмастай қиған, ойға салса-қорғасындай балқыған өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, жас, аттыда ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен ?!
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған-оның ғажайып тілі «Қазақ тілі» екенін ұмытпайық!
№39ЖББМ 11-сынып
Мирхидай Халида