«Болашаққанық сеніммен.»
«Мектеп-кеме,білім -теңіз», дегендей, ол кемеге небір дарынды тұлғалар да, әлімді бас идірген толағайлар да отырды, сіз де отырыңыз,біз де отырдық. Осы кемеде қуанышы мен қызығы мол 11 жыл уақытты өткіздік. Бұл барша адамның өміріндегі қимас сәттердің бірі. Бізге асыл естеліктер мен бақытты балалық шақ сыйлаған аяулы мектебімізге айтар алғысымыз шексіз!
«Мектеп- білім тірегі, ұстаз-оның жүрегі» демекші ,біздің алған білім мен тәрбие, өмірге деген көзқарасымыздың қалыптасуы, рухани байлығымыздың тереңдей түсуі барасында біздің сүйікті сынып жетекшіміз Лаура Турсынқызы Нуриева және ұстаздарымыздың атқарған еңбегі орасан зор. Мұғалімдеріміздің және біздің аялы алақынында тербеген, екінші анамыздай болған Лаура Турсынқызының бізге артқан үмітін ақтап, өмір шындарының биігінен көрінерімізге сенімдіміз, өйткені, біз- Жарқын болашақ иелеріміз!
Берік Ералиев
№21 ЖББ мектебінің
11 «А» сынып оқушысы