Облыстық аймақтық байқау

Меркі аудандық «Үміт» оқушылар сарайында облыстық білім басқармасының жоспары бойынша облыстық мұражай педагогикасы аймақтық байқауы өткізілді.
Облыстан келген қазылар алқасы Шаизхан Ұлжалғас Шаизханқызы, облыстық «Көне Тараз ескерткіштері» қорығының тарихшысы Сағындықова Ольга Александровна келіп, осы байқауды өз көздерімен көріп қайтты. Бұл байқаудың мақсаты: туған өлкені, мәдени-тарихи ескеткіштерді, жергілікті тұрғындардың әдет, өмірі мен қызметін зерттеу арқылы қатысушылардың шығармашылық әлеуетін бағалау. Байқаудың міндеті: өлкетанушымен айналысатын жас өлкетанушылар мен экскурсия жетекшілері, педагогтар, мұражай қызметкерлерінің шығармашылық қарым-қатынасын ұйымдастыру болды. Мұражайлардың мәдени және білім беру әлеуетіне қоғамның назарын аудару. Қазіргі заманғы білім беру және дамыту технологияларына негізделген балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, мұражай педагогикасы арқылы жас гидтерді тәрбиелеу еді. Үздік гидтер байқауына, 10 слайд негізінде «Айша бибі ескерткіші» тақырыбында, орыс және қазақ тілінде екі оқушы экскурсияны қазылар алқасына көрсетті. Бұған «Жас зерттеуші» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы М.Мамырханова жетекшілік етті. Олар: Кочевская Екатерина ағылшын тілі үйірмесінің және Тизен Элнура «Биология кереметтері» үйірмесінің оқушылары қызық та, тартымды, тарихи фактілермен әсерлі әңгімелеп берді.
Осы байқаудың ережесін қолына алған «Үміт» сарайының әдіскері Мамедова Ирада Рустамовна арнайы бағдарлама жасап, осы жұмысты тыңғылықты әзірлікпен өткізді. «Асыл мұра» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы А.Өтебаева ұлттық ойыншықтар мен скрапбукингтер көрмесін ұйымдастырды. Осы байқауда өз ауылының, бір көшенің тарихын зерттеп, эссе жазып келген талантты оқушылардың еңбегін, жүйелеп, көрмеге қосыпты.
«Қазақтың ұлттық ойындары» атты ойын бағдарламасын педагог-психолог Г.Көзейбай даярлап, балалар қол күресінен, асық ату ойындарынан, бірін-бірі арқалап көтеру және арқан тартыстан үзінділер көрсетті. «Пероглифтер галереясы» пленэрінде, «Әсем» көркемсурет студиясының қосымша білім беру педагогы Б.Төлендиева өз шәкірттерімен бірге, тау етегіне барып, дала, даладағы
тастар және тау етегіндегі көріністерді өз көздерімен көріп отырып, сурет салғыз-ды, Шатқалда, үңгір суреттерін жанында отырып салды. Қазбек Елдана салған сурет ерекше болды. Тірі табиғатқа жан бітіргендей.
Байқау, шарты бойынша, «Бүкіл үй жанұясымен киіз үйде шай ішу» шарасын «Тілашар» үйірмесінің және IT сыбы сыныбының қосымша білім еру педагогтар М.Көлбаева мен А.Алтынбеков керемет өткізді десе де болады. Киіз үй, керегеге ілінген түлкі, домбыра, ою-өрнек, ортада дөңгелек үстел, ұлттық тағамдарға толы мол дастархан, жан-жағында немерелері, қайнап тұрған самаурын, буы бұрқыраған қою күрең шай, майысып шай құйған келін, домбырада төгіліп ән салған ұлы Бекболат, қазақтың ырым, салт-дәстүрінің озық үлгілері сақталған әдемі өнегеге толы, тәрбиеге толы көріністі қазылар алқасы, өздері де қатыса отырып, тамашалады.
«Әкең келе жатыр» деп, әке рөлін, отағасының орнын жоғары қойып, әжесі наурыз және ұлттық қыз қуу, аударыспақ сияқты әңгімелерді тамаша бенелей білді. Олар З.Абдуллаева-әже ролін, А.Алтынбеков-отағасы, Г.Көзейбай-келін ролін сомдады. Мұражай педагогикасы бөлімінде, аудандық мұражайда театрандырылған костюмдермен интерактивті сабақ өткізілді. Ең маңыздысы театрдың актерларымен, мұражай қызмекерлерімен әрекет етіп, ынтымақтаса жұмыс
жасалды.
«Оңтүстік қазақтары фольклоры» атты сабақта «Өлкетану» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы Г.Бейсенбаева және драма үйірмесінің жетекшісі Ә.Әлімқулованың дайын-
дауымен «Төлебидің балаға ат қоюы» драмалық қойылымы көпшілік көңілінен орын алды. Кәдімгі үлкендерше, әр сөзді түсініп, рольге еніп, беріле ойнап, жас таланттар бата беру, амандасу, үлкенді сыйлау, азан шақыру, қонақ күту сияқты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрді көрсете білді. Мағжан қария, Ерасыл ата, Аман әже, Нұрым ата, Нұрасыл ата, Төле би, Дильназ әже, Жанболат рөльдері көрермен жүрегіне жол тапты деуге болады. Келесі бөлім, «Мұражайға…» акциясы, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының үйлестірісушісі М.Төреқұлованың жетекшілігімен флешмобпен жалғасты. Осылайша іс шара өте қызықты өтті.
Зәуре Бейсенбаева,
оқушылардың «Үміт»
сарайының директоры