медиациямен татуласты
Сотта сотқа дейін медиация тәртібімен татуласуды насихаттап, Меркі аудандық сотында күн сайын азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер қысқартылуда.
Мысалы, өткен аптада аудандық сотпен төрт неке бұзу туралы азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды. Істі алдын ала тыңдау кезінің өзінде, сот, тараптарға отбасын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ дауды медиация тәртібен реттеу мүмкіндігін түсіндіреді. Сондықтан да тараптар көп жағдайда сот отырысы кезінде-ақ дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін жасап, сотқа жасаған келісім шарттарын бекіту туралы арыздарын береді.
Ерлі зайыптылар ортақ бір келісімге келіп, соттың отбасын сақтау қажет дегеніне өз келісімдерін береді. Медиативтік келісімдер сотта кезекті дауларды ортақ келісіммен шешуге мол мүмкіндіктер туғызады.
Меркі аудандық сотының
баспасөз қызметі