Билердің қатысуымен отбасы сақталды
Меркі аудандық сотының азаматтық іс құжаттарына сай, Н. С.-мен неке бұзу туралы талап арыздарымен қайырылып, алдағы уақытта отбасын сақтап қалу мүмкіндігі жоқ деп ойлады.
Істі сот талқылауына дайындау барысында келген екі тарапқа татуласуға құқылы екендіктерін және дауды татуласу рәсімдерімен шешу түсіндірілді. Жақтар билер алқасының қатысуымен медиация тәртібін қолдану ұсынысын таңдады. Медиация Меркі ауданының төбе биі Қ.Иманалиевтің қатысуымен жүргізілді.
Аталған рәсім оң нәтижесін беріп, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Отбасылық жұп некені сақтау туралы шешім қабылдады.
Соттың ұйғарымымен, азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.
Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж қайтарылды.
Сотта сотқа дейінгі медиация тәртібімен татуласуды насихаттап, Меркі аудандық сотында тұрақты татуласу рәсімдері қолданылуда.