🌿 «Таза Қазақстан» – таза орта, таза болашақ!

📚 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына орай Меркі ауданы білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
🧹 Сенбілік барысында мекеме аумақтарын тазалау, қураған шөптерді шабу, ағаштар мен бұталарды ретке келтіру, аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, ғимараттарды жаңарту жұмыстары жүргізілді.
🌱 Тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, таза әрі көрікті аудан қалыптастыруға өз үлесімізді қосайық!
#ТазаҚазақстан#ТазаҚазақстан2026#МеркіАуданы#МеркіБілімі#ЖаңаОқуЖылы Сенбілік Абаттандыру Тазалық















