🍀«Таза Қазақстан» – таза мектептен басталады!

🍀№5 Ақарал ЖОББМГ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза мектеп ауласы» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – мектеп аумағын абаттандыру, тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Акция барысында ұстаздар мен кіші қызметкерлер мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинап, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. 🌱
Тазалық – бір күндік жұмыс емес, әр адамның күнделікті міндеті.
Таза аула – таза мектеп,
Таза мектеп – таза орта,
Таза орта – жарқын болашақ! 🇰🇿
«Таза Қазақстан» – әрқайсымыздан басталады! 💚














