Тазалық — табалдырықтан басталады! 🌿✨

Оқушылар «Үміт» сарайының ұжымы жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, бірауыздан сенбілікке шықты! 🧹🌺
Біздің ұжым туған өлкеміздің тазалығы мен көркейуіне өз үлесін қосуды азаматтық борыш деп біледі. Ауламызда ағаштарды түптеп, айналаны қоқыстан тазарттық. Бірлік пен еңбектің арқасында Оқушылар «Үміт» сарайының төңірегі жайнап, көз қуантарлық күйге енді! 💚
Барша отандастарымызды тазалық пен ұқыптылықты азаматтық әдетке айналдыруға шақырамыз:
• Туған жеріміз бен табиғатымызды аялайық
• Айналамызды таза ұстап, өзгелерге үлгі болайық
• Балаларымызға қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті дарытайық!
Тазалық — сыртқы көрініс қана емес, бұл — Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі! Еліміздің әрбір бұрышы таза әрі көркем болсын! 🇰🇿✨
#ТазаҚазақстан #ОқушыларСарайы #Сенбілік #ЭкоАдам #ТазаЛықТабалдырықтанБасталады #ТуғанЖер














