«Таза Қазақстан» акциясы 🌿

0
8

14 тамыз күні №4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында мектеп аумағы сыпырылып, арам шөптер жұлынып, қоқыстан тазартылды. Ұжым болып жұмыла еңбек ету арқылы туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қостық.

🌱 Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі!

Баршаңызды қоршаған ортаны таза ұстауға және табиғатты аялауға шақырамыз!

Таза мектеп – таза аула – таза Қазақстан! 🇰🇿

Comments are closed.