Дәуірдің дара тұлғасы
Жаңа жылдың шымылдығы түрілер сәтте, атап айтқанда 28-желтоқсан күні №9 лицейге заманының заңғар дара, дана тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілуіне байланысты лицей алдынан Мұтар Әуезовтың бюстінің ашылу салтанаты болып өтті.
Мектеп алдындағы меркелік үлкен іс шарада ұлт жазушысының Меркіде дүниеге келген ұлы, жерлесіміз, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуез ескертікш алдында Меркіліктерге шынайы алғысын білдіріп, өзінің киелі меркінің тумасы екендігімен мақтанатынын, осы ауданның «Құрметті Азаматтығын» мақтаныш ететінін айтып, көпшілікке бас иді. Салтанатқа аудан тұрғындары, Астана, Тараз, Алматыдан келген құрметті қонақтар, т.б. қатысты.
Жерлес академик-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, 2002 жылғы ЮНЕСКО-ның «Жыл адамы» атағының иегері Намазалы Омашев және басқалар құрметті қрнақтардың қатарын толтырды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шырын Мамасерікова жыр арнады.
Бюст-ескерткішті Мұрат Әуез бен Намазалы Омашев, аудан әкімі Жорабек Баубековтар ашты.
Мектеп фойэсінде саз мектебінің домбыра оркестрі «Балбырауын», «Ерке сылқымды» шалқытты. Абай жолы роман-эпопеясынан үзінді, Абайдың «Қараша желтоқсан мен сол бір ек ай» өлеңінің шығу тарихы сахналанды, сонымен қатар сәні мен салтанаты келіскен мектепте Мұхтар Әуезовтың арнайы кабинеті ашылып, алқызыл лентасы қиылып, тұсаукесері жасалды. Онда Мұрат Әуез мектептің оқушыларымен кездесіп, игі тілегін білдірді. Ұлы ғалымға арнап арнау өлеңін оқыған Асқар Ерасылға ризалығын білдіріп, төрт томдық «Абай жолы» кітабын сыйға тартты.
Мұхтар Әуезов саналы ғұмырында халқына қалтқысыз қызмет еткен. Оның шығармаларынан халқымыздың тұтас тарихы, мәдениеті мен өркениеті көрініс табады. Осы тұрғыда «Дәуірдің дара тұлғасы» атты ғылыми-практикалық конференцияда кеңінен айтылды. Конференцияда Мұрат Әуезов әкесі жайлы, оның тауқыметке толы тағдыры және сол замандағы қазақ қоғамының тынысы туралы дәйекті деректермен бөлісті.
Профессор Намазалы Омашев конференцияны жүргізіп Әуезов жайында ғылыми баяндама жасаса, облыстық «Ақ жол» газетінің редакторы Хамит Есаман Мұхтар Әуезовтың қазақ жазушыларының рухани ұстазы екені жайында өз ойымен бөлісті.
Сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми жетекшісі Шолпан Мырзақасымқызы айтулы іс-шарамен баршаны құттықтап, «Мұхтар Әуезов жүрген жолдармен» атты экспедиция ұйымдастыру және «Мұрат ағаның сабақтары» атты ғылыми жобаны жүзеге асыру жөнінде ұсыныс білдірді.
Мектеп оқушысының Мұрат ағаларының қай жылы туылғаы туралы сұрағына айтулы тұлға:- Бұл жылдары менің әкем екі Ұлы шығарма жазды.1942 жылы Абай жолын, 1943 жылы Мұрат жолы дүниеге келді,- деп әзілмен жауап берді.
Сол сияқты Мұрат Мұхтарұлы әкесінің Қырғыз ағайындардың Халық Батыр Манас туралы жазылған хисса-эплпеяның жарық көруіне бірден-бір мұрындық болғанын, сол үшін қырғыз елі әкесін ерекше құрметтеп бағалайтынын, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республиекасының Премьер Министрі болып тұрған кезде Бүкілхалықтың «Мәдени мұра» жылы өзінің қсыныс, бастамасымен жүзеге асқанын тілге тиек етті. Сол кезеңде Мұхтар-Қаныш Сәтбаев-Әлкей Марғұландар, Үш алып қазақ елінің өркендеуіне айрықша, бірлесе күш салғанын әңгімеге тұздық етті.
Конференцияны қорытындылаған модератор Намазалы Омашұлы Мұрат ағасының Мәскеу қаласында ұйымдастырған «Жас Тұлпар» бірлестігі туралы кеңінен айтып Алып Мұхтардың алып ұлына бар жақсылықты тіледі.
Ләззат Серікбай,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі