Жолдау жүректен шықты

0
105

Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан кезде жаңа Жолдауын жасады. Еліміздің әрі қарай дамуы үшін бірқатар маңызды бағытты айқындап, тапсырмалар берді. Тұрғындар көтерген әлеуметтік-маңызды салаларға да тың серпін беретін жобалар ұсынды.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді.
– Орта білімнің сапасы -табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының жеке тұлғалық білім алып, жан-жақты дамуы үшін, қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс,-дейді Президентіміз өз Жолдауында. Ең төменгі жалақы 70 мың, әйелдердің зейнет жасы 61 жас, бала күтіміне байланысты төлемдер 1,5 жас, 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордан 50% есеп — шоттарына аударылады. Білім алушылардың оқу ақысын төлеуге 2-3%-дық несие беріледі. Кәсіппен айналысатын жастарға 2,5% шағын несие беріледі, жолдардың 95% жақсартылды,- деген сияқты нақты тапсырмалар бергені көңілді қуантады. Енді алдағы уақытта жемісті жұмыс атқарып, ерінбей еңбек етейік!

Зәуре Бейсенбаева,
Аудандық мәслихат депутаты, Оқушылар «Үміт» сарайының директоры

Comments are closed.