Мемлекеттік тіл –менің тілім

0
114

Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі Оқушылар»Үміт» сарайында «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты тіл мерекесіне арналған байқау болып өтті.

Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін қалыптастыру, Ахмет Байтұрсынұлы мен Сырбай Мәуленовтың шығармашылығын насихаттау арқылы білім алушыларға қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау және талантты білім алушыларды ынталандыру болды.
Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізілді: эссе жанры және мәнерлеп оқу.Эссе бағыты бойынша, 20 оқушы қатысып, 150 -170 сөзден тұратын жұмыстарының электрондық версиясын қазылар алқасының поштасына тексеруге жіберді.
Мәнерлеп оқу байқауы, 8-10 сынып оқушылары арасында, Ахмет Байтұрсынұлы мен Сырбай Мәуленовтың бір өлеңін сахнада жатқа оқудан басталды. Әр мектептен бір номинацияға екі білім алушыдан қатысты. Қосалы Ұлбосын №16, Жолдасбек Асылжан №13, Утепберген Сезім, Нуриддин Айару №17, Жұбат Жәмила, Уманцева Антонина №7, Ахмет Ұлбосын, Сраил Аида №34, Сағындықова Жұлдыз, Әбдіхалық Гүлшара №20, Асылбек Талшын, Мамыралы Нурасыл, Медет Қазына №44, Арман Анеля, Оспанбай Аслан №39, Жаки Аружан, Фермебай Айғаным №19, Шамшидин Мұқағали, Ермекбай Аяулым №5, Асанқұл Нұрай №4, Арыстанбек Балауса №14, Зауытбек Арон №13 жалпы орта білім беретін мектептерден қатысты. Байқауға тиянақты дайындықпен келген талантты оқушылар марапатталды.

Ә.Боранқұлова,
Журналист

Comments are closed.