БАЛАЛЫҚ ШАҚ, БАҚЫТТЫ ШАҚ
Меркі ауданы орталығындағы саябақта балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты шақ, балалық шақ» атты мерекелік концерт болып өтті. Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл іс — шараға қосымша білім беру мекемелері қатысты. Оқушылар «Үміт» сарайының ұжымы сахнаны безендіру, концертті жүргізу сияқты жұмыстарды жауапкершілікпен атқарды. Фанфар ойналып, жүргізушілер ортаға шықты. Мереке шымылдығын» Таңшолпан» бөбекжай — бақшасының кішкентай бүлдіршіндері аппақ қауырсын қанаттарын желбіретіп, «Аққу» биімен ашты. Бұдан соң, №2 балалар музыка мектебінің өнерпаздары скрипкада, гитарада, қобызда өнер көрсетіп, гусарлар барабандар шеруін жасады. «Үміт» сарайының кіші топ әншілері «Человек — хороший» әнін тартуласа, «Жібек жолы» бишілер тобы «Қуыршақ» биін, «Шашу» қазақ биін тамылжыта биледі. «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығының өнерпаздары, жас техниктері өз өнерлерін көрсетті. «Черлидерлер» биі биленіп, «Балалар аула клубы» спорт түрлерінен көрініс тартулады. «Үміт» сарайының «Аяла» вокал тобының әншілері» Елге сәлем» әнін орындады. №1 Құрманбек Жандарбеков атындағы балалар музыка мектебінің өнерлі өрендері «Игра» әнін шырқады. «Балалар аула клубының» жас спортшылары да өз өнерлерін көрсетті. Олар облыс, Республика, Халықаралық, Азия көлемінде спорт саласында талай жетістіктерге жетті. Дзюдодан 2004 — 2005 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионаты, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен жасөпірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионаты, Каратэ -до Шотоканнан қыздар арасында Жамбыл облысы чемпионаттарында алтын, күміс иегерлері болып келуде. Ауданымыздың балаларын спортқа баулуда, салауатты өмір салтын сақтауда, спорттағы жетістіктерге жетуіне салмақты үлес қосуда.
Ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Сиқырлы сандықтың саяхаты» атты кітап көрмесі көрсетілді. Балаларға арналған ертегілер, түрлі таңғажайып хикаяларды келушілер қызыға тамашалады. №1 Құрманбек Жандарбеков атындағы балалар музыка мектебі өз өнерлерін көрсетті. Олар түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр. Республикалық «Талантты жастар» байқауында Бас жүлде, Халықаралық «Тобыл арт» байқауында 1 орын, балалар хор ұжымы Халықаралық «SUPER WORLD TALENT 2020″ байқауында бас жүлдеге ие болды. Сондай ақ, 53 -ші Облыстық » Жас музыканттар» байқауында 2 орын алды.1984 жылы құрылған 2 балалар музыка мектебінің өнерпаздар да халықаралық, республикалық,
облыстық байқауларда бас жүлделерді алып жүр. Оқушылардан құралған барабаншылар тобы түрлі деңгейлерде өнер көрсетуде. Меркі аудандық білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі Оқушылар «Үміт» сарайын — дарындылар мен табиғи таланттар мекені деп бекер айтпаса керек. Мұнда жас таланттардың ашылуына, танылуына барлық жағдай жасалған.Талай өнер бәйгесіне қатысып, бас жүлде иеленіп келе жатқан мына үш жігітімізді мақтан етеміз(суретте). Жетекшілері Б.Жақсылықов, Г.Бөлекбаева, Н.Ташметовтер ерінбей, жалықпай өнердің барлық құпияларын меңгертуде. Талай Халықаралық ән байқауларында Бас Жүлде иеленген, Польша, Венгрия, Белоруссия, Украина сияқты ірі мемлекеттерде өткен үлкен ән додаоарының жеңімпазы Бекболат,даусы жағынан дуэт болып, қосылып , бірге ән салып жүрген Таңнұр мен Нұрасыл сияқты жас әншілер де, бүгін орталық саябақта өткен мерекелік концертте келушілердің құлақ құрышын қандырды. Өнердің көгінде ең жарық жұлдызы болып, жарқырай беріңдер!!! Флешмобпен аяқталған мерекеде балаларға, Жастар орталығы тегін балмұздақтар таратты.
Ә.Боранқұлова,
Оқушылар «Үміт» сарайы