Бала құқығы- басты назарда.

0
848

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала еңбегін қанауға қарсымыз» ұранымен 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн » Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілді. «Адамзатқа ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» демекші елімізде жыл сайын жазғы демалыс кезінде 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіліп өз нәтижесін беруде. Бала еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану мен балаларға байланысты түрлі зорлық-зомбылықты пайдалану балалардың өмірі мен олардың денсаулығына өте үлкен қауіп келтіретіні анық. Кәмелетке толмағандардың оқудан тыс бос уақыттарында денсаулықтарына зиян келтірмейтін жұмыс жасауы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 31, 69-шы тармақтарының, талаптарының орындалуы тиіс. (Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері; Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы). Жазғы демалыс кезеңде бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау мен қатар жол бермеу бойынша заңнаманың бұзылу жағдайларының орын алмауы мақсатында Мүдделі органдарға, ведомстоларға және ұйымдарға «Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны (ҰАН)өткізу жөнінде жоспар аясында Бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемалары және балаларды сатуды алдын алу бойынша үндеу хаттар (ата-аналардың) ватсап желісі арқылы таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ғаламтор желісінде отбасылық құндылықтарды және бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті бейнероликтер көрсетілімдері 1-10 сыныптар арасында ұйымдастырылып, Instagram желісіне таратылды. Жазғы демалыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында сынып жетекшілер тарапынан түсіндіру сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Жауапты әкімшілік қатыстырылып, сынып жетекшілер, және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік іс-шаралары да өткізілуде. «Бала еңбегін қанауға 12 күн «Ұлттық ақпараттық науқаны жалғасуда. Бұл іс-шараның басты мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектердің, балалардың және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалануға қатысты алдын алу мәселелеріне аудару; ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала -ешбір қиындықсыз жарқын өмір сүруге тиіс екендіктерін ұғындыру; сондай-ақ құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Батырбекова Перуза, №22 жалпы орта білім беретін мектептің директордың құқықтық тəрбие ісі жөніндегі орынбасары

Comments are closed.