Әлемді, кітап арқылы танимын

0
1159

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе
оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген
тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.
Меркі ауданының Ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бастауымен, 15.04.2021ж. сағ.10 –да «Әлемді кітап арқылы танимын» атты ең көп кітап оқитын оқырмандар арасында ауданымызда обылыстық байқау өтті. Байқауға Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Керібұлақ» ұжымшарында дүниеге келген балалар әдебиетінің жазушысы, драматург Әлдихан Қалдыбаевтың шығармалары таңдалды.
Байқаудың мақсаты: Балалар әдебиетінің жазушысы, драматург Әлдихан Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту. Сан алуан тақырыптағы танымдық – тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру; Балалар мен жасөспірімдер арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру; Оқу мәдениеті мен сауаттылықты нығайту; Кітапханаға бетбұрыс жасау.
Байқау 2 кезеңнен тұрады. Екінші кезең облыста өтетін қорытынды байқауға әр ауданнан іріктеліп алынған 1 қатысушы, яғни 8-12 жасқа дейінгі 1 үміткерден қатысады. Байқауға аудандық, ауылдық балалар кітапханасының оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты.
Байқаудың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасы Жамбыл обл. балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.К.Инкарбекова мен кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерушісі Ж.М.Тәттімбетова Меркі ауданының ОКЖ әдіскері Н.Шакарова Меркі ауданының ОКЖ библиографы Ғ.Оразбаева қатысты.
Сарапшылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырмандардың шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахынада өзін өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аударды. Жамбыл обл. балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.К.Инкарбекова жолдаманы, бас жүлдені жеңіп алған Кикабай Фаризаға табыстады.
Бас жүлдемен облыстық байқауға жолдама жеңіп алған №1 ЖББМ гимназиясының 6 сынып оқушысы Кикабай Фариза, І орынды №20 ЖББМ 6 сынып оқушысы Оңдасын Жансая, ІІ орынды № 20 ЖББМ оқушысы Атабек Фариза, ІІІ орынды №21 ЖББМ оқушысы Құрманғали Даяна иеленді. Ал №39 ЖББМ гимназиясының оқушысы Мекен Бәйдібек «Алғыс хатпен» пен марапатталды. Ауылдық балалар кітапханасының ұжымы байқауға қатысқан оқырмандарын сыйлықтармен марапаттап алғыстарын білдірді. Оқырманның кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру әрбір кітапханашының борышы.

Д.Аимбекова,
АБК әдіскері

Comments are closed.