Кәсіптік-техникалық білім – келешек кепілі
№9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру жоспарының аясында 2021 жылдың сәуір айының 16-сы күні «Кәсіптік-техникалық білім беру – келешек кепілі» тақырыбында аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып «Ашық есік» күні өтті. «Ашық есік» күніне: №16, №30, №9, №13, №20, №1, №19, №4, №33, №15 мектептерден жалпы 170 тоғызыншы сынып оқушылары қатысты.
«Ашық есік» күнінің мақсаты:
Оқушылардың болашақ
мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт беру, ауылшаруашылық мамандықтары және олардың ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, еңбек нарығындағы болашағы
бар мамандықтар туралы толыққанды ақпарат беру.
Оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтар мен материалдық – техникалық базасымен таныстырылды және мамандықтар туралы үлестірме парақшалар таратылды. «Менің мамандығым – менің мақтанышым» тақырыбында колледж студенттерінің мамандыққа сай макеттерінен көрме ұйымдастырылды. Әр оқыту шебері өзмамандықтары бойынша түсінік беріп, қалаған мамандықтың ерекшеліктері туралы баяндады. Екі жақты пайдалы ашық есік күнінде, оқушылар әр мамандық туралы терең мағлұмат алды.
Шын мәнінде біздің аталмыш колледжіміз республика бойынша үздік 180 оқу орындарының қатарына енген, бір мезгіл ыстық тамақ, жолкіре, шәкіртақы төленеді. Оқу орнын бітіргенде жоғарғы оқу орнына түсе алады, немесе өз жеке кәсібін ашып, нарық жүйесіне еркін араласады.
Таңдау өздеріңізде жас жеткіншектер. Біздің колледж есігі сіздер үшін
ашық.
Айаулым Шайменова,
№9 Меркі колледжі Өндірістік оқыту
шебері