Кәсіпті игеру- нәсіпті болу

0
86

Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманында адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналды. Мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген, кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда. Ал ел экономикасына қажетті кәсіби маман даярлау жауапкершілігі колледждерге артылып отыр. Сондықтан Техникалық және кәсіптік білім беруге қазіргі уақытта ел көлемінде айрықша мән берілуде.
Елдің экономикалық қуаты да осы аталып отырған сала мамандарына тәуелді екені ақиқат. Жалпы бұл сала мамандарына біздің өңірімізде де сұраныс жоғары. Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген тұжырымдамасында жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық кәсіптік білім алуына жағдай жасау, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мәселелері жіті қарастырылған. Ал оны іске асыру ортақ мүдде болғандықтан сала мамандарының әріптестік жұмысы игі нәтижелерге бастайтыны хақ. Осы орайда Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік серіктестіктердің байланысының жақсаруына да себеп болып отыр.
Кәсіптік білім беруге түбегейлі бетбұрыс жасалып, оңды өзгерістер қолға алынғалы қазіргі жастардың кәсіптік білімге деген қызығушылықтарының арта бастағанын байқаймыз.
Теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана маман кәсібіне төселіп, көш ілгері жұмыс атқаруға қабілеті артады. Қашанде тәжірибелі білім нәтижелі екені айдан анық.
Тәжірибелі білімнің нәтижелі екенін өз мақсатының біріне айналдырған №9
Меркі колледжі бұл салада елеулі жұмыстар атқарып келеді. Жыл сайын әр мамандық бойынша білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін мастер-класстар, ашық сабақтар, апталықтар, онкүндіктер мен танымдық шаралар өткізу дәстүрлі түрде жолға қойылған.
Жоғарыдағы сөзімізге «Тамақтандыруды ұйымдастыру» әдістемелік бірлестігінің арнайы пән оқытушылары және өндіріс шеберлерінің ұйымдастыруымен өткізілген онкүндігі дәлел бола алады. «Ас – адамның қуаты» деп аталатын танымдық шарамен басталған апталықтың ашылуы ерекше форматта фуршет арқылы түсіндірілді. 17 топ студенттерін қамтыған ауқымды шара «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталған өндірістік шеберханаға экскурсия жасаумен жалғасын тапты. Шеберханадағы жас маманның кәсіби дайындалуы үшін қажетті заман талабына сай қамтылған барлық құрал-жабдықтар шара қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Заманауи қажеттілігі бар тамақтарды дайындау түрлерінен, түрлі тақырыптарда, атап айтар болсақ, «Чизкейк дайындау» Н.Боранбаева, «Вупи-пай торт әзірлеу»
Ж.Шәріпхан, «Пряник дайындау» А.Қайралапова, «Қуырылған балық» Э.Аденова, «Фри әзірлеу» Г.Байболатова сынды өндіріс шеберлері өткізген ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті. Әлемдік пандемияға байланысты орын алып отырған кедергілерге қарамастан соңғы технологияларды ұтқыр пайдаланып, білім алушыға берері көп жоғары сападағы сабақтардың өткізілуі өндіріс шеберлерінің ізденімпаздығы мен өз мамандықтарына деген шынайы сүйіспеншіліктерін көрсетіп, өз шәкірттеріне өнеге көрсеткендей әсер қалдырды. Ал Арнайы пән оқытушылары Н. Мамикова
мен Г. Ошақбаева, Қ.Байдаулетова өз жетекшілігімен өткізген шараларында сервистік қызмет, оның маңыздылығы, қазақ
асханасының тағамдары, мәзір жасау және түрлі механизмдер туралы видеопрезентациялармен түсініктітілде баяндап, білім алушыға жан-жақты әдістер қолдану арқылы жеткізе білді.
«Білсем» деп талпынған шәкірт үшін пайдалы мәліметке толы болған бірнеше шарадан құралған апталық соңы «Асы бардың ырысы бар» көрмесі мен жәрмеңкесіне ұласты. Бірлестік жетекшісі Құралбаева Нұрсәуленің сөзінше жәрмеңке тақырыбын кездейсоқ таңдамаған. «Асы бардың ырысы бар» сөзі арқылы елімізден ырыс кетпесін, білімді де білікті жастарымыз көп болсын деген ниетімізді жеткізгіміз келді» деп жүрекжарды ұстаздық тілектерін жеткізді.
Білім алушының кәсіби білімін жетілдіріп қана қоймай, мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыруды көздейтін мұндай шаралар болашақта да жалғасын таба бермек. Сапа мен нәтижеге жұмыс жасайтын Меркі колледжінің мақсат-міндеті, нақты миссиясы да осы.
Кәсіпті игеру,нәсіпті болуекені өзінен-өзі түсінікті.

Гулназ Ошақбаева,
№9 Меркі колледжінің арнайы пән оқытушысы

Comments are closed.