Есеп беру — сайлау конференциясы
Оған партияның Меркі аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі бюросының мүшелері, «NUR OTAN» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, этно-мәдени орталықтардың өкілдері, партия аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияға сол сияқты «NUR OTAN» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов, Меркі ауданы әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов қатысты.
Партияның екі жылда бір рет өтетін есеп беру- сайлау конференциясының күн тәртібінде төрт мәселе бекітіліп, қаралды.
I. «Партия Меркі аудандық филиалы саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы»;
II. «NUR OTAN» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы»;
III. «NUR OTAN» партиясы Меркі аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын бекіту туралы»;
IV. «NUR OTAN» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXVIII-есеп беру — сайлау конференциясына делегеттар сайлау туралы».;
Конференцияда күн тәртібіндегі екінші мәселені бірінші қарау туралы ұсынысқа делегаттар бір ауыздан қолдап дауыс берді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұсыныс жасау үшін сөз «NUR OTAN» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұловқа берілді. Республикалық «NUR OTAN»партиясы басшылығының, сол сияқты Жамбыл облыстық «NUR OTAN» партиясы төрағасының келісімімен, Меркі аудандық партия филиалының төрағалығына, аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының кандидатурасы ұсынылатынын жеткізді.
Бұл ұсынысты конференция делегаттары бір ауыздан қуаттап, ашық дауыс берді.
Сонымен Меркі аудандық «NUR OTAN» партиясы филиалының төрағасы болып бір ауыздан Руслан Маратұлы сайланды.
Күн тәртібіндегі «Меркі аудандық филиалы саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы» мәселе бойынша Меркі аудандық партия филиалы төрағасы Руслан Нұрсипатов баяндама жасады.
(Баяндама ықшамдалып жарияланып отыр)
Конференция одан әрі Р.Нұрсипатовтың төрағалығымен жалғасты.
Жарыссөзде конференция делегаты «NUR OTAN» партиясы Меркі аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бахыт Сауранбаев, конференция делегаты, партия ардагері Базаркүл Әлмейізова, сол сияқты филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Урияхан Мамикова, конференция делегаты «Ақермен» бастауыш ұйымының төрайымы Мадина Қоңырбаева және «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шерхан Баубековтар шығып сөйлеп өз ұсыныстарын, ойларын ортаға салып, баяндаманы талқылап, саяси кеңес жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Бұл ұсынысқа конференция делегаттары бір кісідей қолдап, дауыс берді. Делегаттардың толық қолдауымен, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қаулының жобасы толық қабылданды.
Конференция күн тәртібіндегі үшінші, төртінші мәселелер бойынша саяси кеңестің 19 адамнан тұратын жаңа құрамын сайлады. Сол сияқты «NUR OTAN» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXVIII есеп беру — сайлау конференциясына ашық дауыс беру арқылы бес делегат сайланды.
Конференцияда облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Ынтықбайұлы қорытынды сөз сөйледі.
Конференция төрағасы Руслан Нұрсипатов Меркі аудандық филиалының XXIX есеп беру- сайлау конференциясы өз жұмысын қорытындылағанын айта келе, саяси кеңестің алғашқы отырысын өткізу туралы ұсынысты саяси кеңес мүшелері арасында дауысқа салып, күн тәртібіне бір мәселе, «NUR OTAN» партиясы қоғамдық бірлестігі жарғысының 9,7 бабына сәйкес партияның Меркі аудандық Кеңесі Бюросының мүшелерін сайлауды ұсынды. Сонымен саяси кеңес мүшелері арасынан жеті адам дауыс беру нәтижесінде бюро мүшелері болып сайланды.
Конференция еліміздің әнұранымен басталып, «NUR OTAN» париясының «Елім менің» әнұранымен қорытындыланды.
«Меркі Ақиқат»