«Жасыл ел» еңбек жасақтары белсенділік көрсетуде
«Жасыл ел» — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Осы бағдарлама өз жұмысын биыл он үшінші жыл жалғастыруда және біздің ауданда жүйелі түрде іске асып келеді. «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел, олай дейтініміз білімгерлер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға атсалысады. Меркі аудандық «Жасыл ел» еңбек жасақтары да өз үлестерін қосуда.
«Жасыл ел» еңбек жасақтарының басшысы Еркебұлан Базарбайұлының айтуынша, жастардың еңбек етуге құлшынысы мықты. Басты мақсат – Елбасы Жолдауын қолдау, жастарды жұмысқа орналастыру. Сондықтан жұмыс істеймін деген жасқа ешқандай кедергі жоқ. Қазірдің өзінде білімгерлермен бірге жұмыссыз жастар келіп тіркелуде. Бұл жерде жастар аса ауыр жұмыстарды атқармайды.
Аталмыш бағдарлама аясында еңбектеніп жүрген жастар бүгінгі күнде көшелерді, арық бойларын тазалап қана қоймай, А.Асқаров стадионының жанындағы «Жастар аллеясын», «Ұлы Отан» соғысы ардагерлерінің ескерткіштеріне санитарлық тазалау, көркейту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, М. Мәметова көшесіндегі шыршалардың түптерін қопсытып, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен белсенділік көрсетуде.
Нұрбек Жұманазаров,
«Жастар ресурстық орталығы», психолог