Бейбіт елдің бірлігін бекем еткен – Ата заң

0
1306

Жуырда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілдерді оқыту орталығы»  Меркі аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен карантиндік режімді сақтай отырып Қазақстан Республикасының Конститутциясының 25 жылдығына арналған  «Бейбіт елдің бірлігін бекем еткен – Ата заң»  дөңгелек тақырыбында үстел өтті.

 Дөңгелек үстел модераторы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жантелиев Жұмахан Сихаұлы. Аталмыш іс-шараға: «ХАЗАР» атындағы аудандық Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Джамалов Гүльаға Гүдретұлы, Аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Мамутов Насырходжа Аббасұлы, Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Базилов Айдын Алаудынұлы, №11971 әскери бөлімінің офицер-психологы Паралиева Жанат Қапарқызы, Аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абашев Серік Жанарұлы және «Тілдерді оқыту орталығы» Меркі аудандық бөлімшесінің  меңгерушісі Сейтова Алтынай Бақтыбайқызы және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушыларының басты назарында 1995 жылғы 30 тамыз-
дағы жалпыхалықтық референдумда елдің Конституциясының қабылданғаны және құрылу тарихы, сонымен қатар 1998 және 2007 жылдардағы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулары, олардың президенттік билікті нығайтудағы рөлі, елді одан әрі демократияландыру және реформаларды алға жылжыту туралы талқылаулар болды

Шара соңында  қатысушыларға  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жантелиев Жұмахан Сихаұлы Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, тілдерді қолдану мен дамыту ісіне қосқан үлестерін ескере отырып бір топ тіл жанашырларына алғыс хат табыстап, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

Ержан Оразбаев,

 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы

Comments are closed.