Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақермен ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақермен ауылында орналасқан Жамбыл облысы Меркі ауданы, Ақермен ауылдық округіндегі «Бүлдіршін» бөбекжай-бақша коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгеруші қызметіне ашық конкурс жариялайды.

0
1338

Конкурс «Мемлекеттік орта, техни-калық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кон-курстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №213 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім,

2) жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда 3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе)  «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы.

Білуге міндетті: Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Респуб-ликасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қара-шадағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқық бұзушылық профилак-тикасы туралы» 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңын, «Діниқызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011
жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республи-касының Заңын, «Кемтар балаларды әлеумет-тiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ педагогика, психология негіздерін менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Мемлекеттік білім беретін ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдісте-мелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламаларын бекітеді. Оқу-тәрбие процесі-
нің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Лауазымдық айлықақы мөлшері- 165 мың 142 теңге

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының ал-ғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін жергілікті басылымға хабар-ландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде Меркі ауданы, Ақермен ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мем-лекеттік мекемесі жанынан құрылған конкурстық комиссияға 2 кабинетте сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00.-14.00. аралықта ұсыну тиіс.

Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме шығындар өтелмейді, тұрғын үй берілмейді.

Конкурс өткізілетін орын: Меркі ауданы, Ақермен ауылы, Төле би көшесі №27  тел:8 (726-32) 2-64-11

Ғ.Байдаулетов,

 Ақермен ауылдық округінің әкімі

Comments are closed.