Жолдауға қолдау
2020 жылғы 1 қыркүйек
күні Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады
Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауынан дамудың жаңа белестерін айқындайтынымыз анық. Бұл жолғы бас құжаттың маңызы бұрынғы Жолдаулардан аса айрықша. Мемлекет басшысы: Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік.Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды деді. Жолдаудағы маңызды тақырып халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады. Әлем бойынша дамыған елу елдің қатарына еніп, ендігі мақсатты отыздықтың қатарына бағыттадық. Оның орындалуы үшін Президент нақтылап берген жоспарды бірлік пен берекеміз жарастырып, жүзеге асыруымыз шарт.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі жаһандану дәуірінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптардың жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты сапалы білім алу – қарқынды дамудың басты шартына айналатындығын баса көрсетті. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік жаңғыруының жаңа кезеңінің басталғандығының айқын көрінісі. Жолдауда көрсетілгеніндей, заманауи тиімді мемлекет құру үшін барлығымыздың азаматтық жауапкершілігімізді арттырып, ел игілігі үшін бірлесе еңбек етуіміз керек.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі