Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризамыз

0
1013

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  президент болып сайланған күннен бастап көпұлтты Қазақстан халқына көптеген жақсылықтар жасап, қамқорлық танытуда. Оны санамалап айтатын болсақ банктен кредит алып төлей алмай жүрген аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың қарыздарын 300 мың теңгеге дейін кешірім жасады.Одан кейін үй-жайы жоқ, пәтерде жүрген көп баласы бар отбасыларға жаңа үй салып беруде. Елімізде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған адамдарға 42500 теңгеден жәрдемақы тағайындап ,карантин кезінде елдің қиналмауына жағдай жасауда.Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қамын ойлайтын, әділдікті жақтайтын жақсы азамат, ел басшысы болғандықтан оны қолдаймын,халық та оған ризалығын білдіруде.Сондықтан ел сенімін ақтап,алғысына бөленіп,туымызды биікке желбірете беріңіз, дегім келеді.

 Әшен Қырғабақұлы,

зейнеткер, Жамбыл ауылы

Comments are closed.