ВОЛОНТЁРЛАР ЖЫЛЫ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖЫЛЫ

0
1097

Адам өз ұрпағына қайрымдылықты жастайынан үйретіп,адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылған.Дәл осы мақсатпен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақты қайрымдылыққа баулу мақсатында 2020 жылды «Волонтёрлар жылы» деп жариялағаны белгілі.

Осыған орай ауданымызда 29 жасқа дейінгі жастардан құрылған үш ұйым жұмыс атқарып, онда 234 волонтёр халыққа қызмет көрсетуде.Олар: «MERKI ERIKTILERI», «Адал қоғам» , «Твори Добро Мерке» атты ұйымдар. Бұл ұйымдар аз уақыт ішінде көптеген игі істер жасады,оларды атап өтетін болсақ: «MERKI ERIKTILERI» елімізде болып жатқан жағдайға байланысты 15 отбасына керекті дәрі-дәрмектерді апарып,86 отбасыны азық-түлікпен, киім-кешектермен қамтамасыз етті. 23 жалғыз бас-ты қарттарға үй шаруасына көмек көрсетті. Адам көп шоғырланған жерлерде 2740 медициналық бетперде таратылып,2000 аудан тұрғындарына елімізде болып жатқан COVID-19 вирусынан сақтану ережелері бойынша бүктемелер тарату жұмыстарын жүргізді.

Ал, «Адал қоғам» волонтёрлық қозғалысы 9 отбасына азық-түлік пен киім-кешектер таратты. Бұл ұйымның жетекшісі Кұндызбаева Айсұлу, құрамында 24 ерікті жас бар. Келесі «Твори Добро Мерке» ұйымы жағдайы төмен 140 отбасын азық-түліктермен  және киім-кешектермен қамтамасыз етті, ал бұл ұйымның жетекшісі Рахымбаева Аружан, құрамында 60 ерікті жастар бар.

Облыс әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №52 қаулысымен бекітілген «Қамқор» волонтёрлік-қайырымдылық жобасын іске асыру үшін ауданда 2019 жылдың 26 мамыры күні «Қамқор» қайырымдылық дүкені ашылды (Ә.Исмаилов №169). Сол жылы дүкеннен 160  отбасы киім-кешекпен, 52 отбасы азық- түлікпен қамтылды.Биыл жартыжылдықта 47 отбасы керекті киім-кешек және азық-түлікпен қамтылды.

Бабаларымыз айтып кеткендей:

«Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі» демекші жүрегімізге мейрімділік қондырып, адамдық белгімізді көрсету тек өз қолымызда, өйткені «Азаматтық жасай алмаған адам-бұл өмірге келмеген адаммен бірдей,»-деп тегін айтылмаған.

А.Кушикбай,Жастар ресурстық орталығы КММ-нің директорының

Comments are closed.