ЖОЛ – ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕ ТАМЫРЫ

Қашанда су жолы болсын, аспан, теңіз, жер үсті жолы болсын, ол тікелей экономиканы дамытатын, халықаралық байланысты күшейтетін, күнделікті жұ-тып жүрген ауамыз сияқты, өмірлік қажеттіліктің өзегі, негізі болып табылады. Біздің ауданымыздағы жолдар негізінен үш санатқа бөлінеді. Жолдарымыздың жалпы ұзындығы 344,4 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар жолдар ауданымызда 178 шақырымға созылып жатыр. Ал, облыстық мәндегі, былайша айтқанда облысқа қарайтын жолдар 70,5 шақырым. Өзіміздің есебіміздегі автожол 95,9 шақырым.
Өткен жылы автомобиль жолдарына 744 млн.теңге қарастырылды. Оның ішінде аудандық мәндегі бес шақырымдық «Беларық-Аспара» І учаскесі облыс есебінен 94,08 млн. теңге, «Беларық – Аспара» ІІ учаскесі облыстық бюджеттен 143,1 млн. теңге жұмсалып, ағымды жөндеуден өткізілді. Сол сияқты, «Андас Батыр – Гранитогорск» автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 92,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 146,8 млн. теңге және аудандық мәндегі автожолдың 34,9 шақырымын ағымды жөндеуден өткізу мақсатында 11,0 млн. теңге қарастырылып, жүзеге асырылды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы 21 көшенің жолы орташа жөндеуден, ал қалған 10 көше жолы ағымды
жөндеуден өтті.
Биылғы жылы да ауданымызда 19 шақырым болатын «Ойтал – Қызыл Қышлақ» автомобиль жолын орташа жөндеуге 197,4 млн. қарастырылып отыр. Әрине бұл жолдың аудан тұрғындары, шаруалары, кәсіпкерлері үшін маңызы өте зор. Көп жылдан жөндеуді қажет етіп тұрған үлкен маңызы бар жол биыл көп көңілінен шығатындай болады. Сол сияқты жоғарыда өткен жылы 239,7 млн. теңге жұмсалып ағымды жөндеуден өткен «Андас Батыр–Гранитогрск» жолындың қалған 1,4 шақырымына 49,9 млн. теңге қарастырылған. Сонымен қатар, аудандық мәндегі автожолды ағымды жөндеуге 10,0 млн. теңге қаржы бөлінген және мемлекеттік сатып рәсімі бойынша мердігер «Жандос и К» ЖШС-і. Ауылішілік 15,2 шақырым жолдарды орташа жөндеуге 236,7 млн. теңге қарастырылған. Көптен кезегін күткен Ойтал ауылдық округіне арасты Темір жол вокзалына кірме 1,9 шақырымдық жолға облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталып, ел игілі-гі үшін пайдалануға берілді. Өздеріңізге белгілі «Меркі– Шу – Бурылбайтал» автожолының құрылысы басталып, ол Смайлов көшесімен қиылыстан басталып 7 шақырымдық (автобаза) Лермонтов көшесі бойымен жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде (суретте). Оған республикалық бюджеттен 168,7 млн. қаржы жұмсау көзделген.
Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмысы кесте бойынша жүргізіліп, қаражат тиімді игерілуде. Өздеріңіз көріп отырғандай соңғы екі жылда 1,6 миллиардтай қаржы жұмсалып, аудан көлеміндегі республикалық, облыстық, аудандық, маңызы бар, ауылішілік жолдар айтарлықтай жөндеудеөтіп, халық игілігі үшін қызмет етуде. Бұл күн санап көркейіп келе жатқан ауданымыз үшін үлкен жетістік болып табылады.
Қ.Арғымбаев,
Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобильжолдары бөлімінің басшысы