Бастама, ұмтылыс бар, енді ол тиянақтала түскей
Жеке кәсіпкерлікпен, мал шаруашылығымен айналысуға ынта білдірушілер саны соңғы бірер жылда әжептеуір өсе түсті. Мұның өзі бүгінгі заман талабына қарай халықтың сана-сезімінің жетіле түсуінен, сонымен қатар аудандағы игілікті істердің тынбай насихатталып келе жатқандығынан дөп түсінген жөн.
Мұндай ұмтылыстардың мысалын барлық ауылдық округтерден көруге болады. Аудан әкімі М.Өмірбектің өткен жұма күнгі Ақарал ауылдық округіне (әкімі О.Жантайбеков) жұмыс сапары барысында да бұған анық көз жеткізілді.Округте жылыжайда көкөніс өсірушілер мен мал-
мен айналысушылар арасында жақсы талпыныс жа-сап, біраз тәжірибе жинақ-тап қалғандары да баршылық екен. Айталық Ғалым Бөрібаев жетекшілік ететін «Роза» шаруа қожалығы 40 шақты тұқымы тәуір сиыр ұстап күтімдеуде, алдағы уақытта бұзаулап, сүті сауылмақ.
Ал «Табиғат» шаруа қожалығы қымыз өндірумен айналысады. Жетекшісі – Талғат Әбенұлы. Бағымдағы 18 жылқы — асыл тұқымды. Қымызды Ақарал ауылынқақ жарып өтетін орталық жол бойынан тігілген киіз үйде ауылдастарына, сондай-ақ аудан орталығында саудалайды. Осы сапары барысында Мейірхан Азатұлы, бірге барған орынбасары Бақытхан Әбжапаров, аудандық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшылары Садық Бұтабаев, Ринат Жантаев, Дос Тасқараев, кәсіпкерлік палатасының аудандық бөлімінің басшысы Нұржан Шойбек, тағы басқалар шаруашылық нысандарымен қатар округтегі мектептердің жағдайымен, тұрмысы төмен бір отбасының үйінде болып, хал-ахуалымен танысты. Тиісті көмек, қолдау көрсетудің реті қарастырылды. Оның ішінде №5 мектептің есіктерезесін жылылап күрделі жөндеу керек. Ал №16 мектеп ғимаратының іргетасы түбінде төселген цемент тозып шытынап, жарылып кеткен. Жөнге келтіру сұранып тұр. Қазандығын газға қосу қажет.Аудан басшысы жұмысын шаруақорлықпен жүргізіп жатқан ақаралдықтарға ризалығын білдіріп, жекелеген тілектерін де жеткізді. Ал білім ошақтары ретке келтірілуі керек.