Сыныптасым, жарайсың!

0
1590

Менің сыныптастарым көптеген аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі байқауларға көп

қатысады. Мен де спорттық жарыстарға белсене қатысамын. Сыныптасым Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖББМГ-ның 7-сынып оқушысы Сейдхан Іңкәр оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» байқауына қатысып, аудандық кезеңнен өтіп, ауданның білім ошақтарының 15 мектебінен 39 оқушы қатысқан байқауда №1 ЖББМ-нің 4-сынып

оқушысы Қазбек Нұрдина,  №14 ЖББМ-нің 3-сынып  оқушысы Мырзаханов Абылай, №44 ЖББМ-нің 6-сынып оқушысы Жолды Алина қатысып, жеңімпаз 4 оқушы облыстық кезеңге жолдама

алды. Абыроймен жобасын қорғаған Іңкәр тарих секциясы бойынша «Отбасымның шежіресі» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен облыстық кезеңге жолдама алды. Байқаудың облыстық ке-

зеңі қаңтар айында өтіп, Іңкәр республикалық кезеңге де жолдаманы жеңіп алды. Республикалық кезең Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 30-қаңтар мен 1-ақпан аралығында өтті. Республиканың түкпір-түкпірінен келген жас зерттеушілердің үлкен додасында сыныптасымыз

Іңкәр Сейдхан ІІІ дәрежелі дипломмен және 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XIV «Зерде» республикалық конкурсына қатысқандығын растайтын арнайы сертификатпен марапатталды.

Осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі, жобаның жетекшісі Дариға Исақұлованың да еңбегін айта кету керек. Сыныптасымызбен мақтанамыз, үлгі тұтамыз. Жеңісің құтты болсын.

Comments are closed.