Меркі ауданында 38 монументалдық

0
3314

Меркі ауданында 38 монументалдық, сәулеттік және құрылыс ескерткіштері және 9 қонақ үйі (сыйымдылығы 236 төсек орын) және 1 «Тұран» атты демалыс аймағы (сыйымдылғы 32 төсек орын) жұмыс атқаруда. Радонды сумен емдеуге арналған «Меркі шипажайы» (сыйымдылығы 430 төсек орын) және «Ақ ниет» (сыйымдылығы 100 төсек орын) шипажайлары аудан тұрғындары мен еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер мен қонақтарға қызмет көрсетуде.

2017 жылдың басынан бері ауданда туризм саласы бойынша 2 жоба іске асы- рылды. Атап айтсақ, 2017 жылдың 22 наурызында жеке кәсіпкер Б.Байдалықызымен «Көккөл»  аумағында жобалық құны 50 млн. теңгені құрайтын туристерге арналған демалыс және спорт кешені іске қосылды. Аталған кешенде мейрамхана, заманауи үлгідегі фитнес

зал және бассейн орналастырылды.

2018 жылы жеке кәсіпкер А.Түйтебаева жобалық құны шамамен 50 млн. тең- гені құрайтын (оның ішінде «БЖК  2020»  бағдарламасы бойынша)  «Space  yurt»  демалыс  орны  жобасын  іске асырып, ағаш бөренелерден құралған екі қабатты үш үйдің құрылысын аяқтады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер А.Түйтебаевамен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге  көлемінде  қайтарымсыз мемлекеттік грант Аймақтық Үйлестіру Кеңесінде мақұлданып,    ағымдағы    жылы аталған  демалыс  үйлерінің аумағында «Панда саябағы» атты жобасы іске асырылды. 2018 жылғы 18 қаңтарда, 8 маусымда және 3 тамызда Қазақстан Туристік Ассоциациясы өкілдері тарапынан эко және агро туризмді дамыту бойынша 3 «бизнес треннингтер» өткізілді.

Сонымен қатар, ауданымыздың туристік әлеуетін жоғарылату мақсатында 2018 жылдың 17 тамызында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп «Меркі – Көк- көл — Сандық» экспедициясын ұйымдастырып, киелі жерлерді шет елдерден келген туристерге үгіт-насихат жасау мақсатында туристік маршрут  және   бейнероликтер әзірленуде.

Comments are closed.