«IQANAT» олимпиадасының аудандық кезеңі
2018 жылдың 10 желтоқсаны күні В.Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейі базасында, қабілетті оқушыларды анықтау, зияткерлік бастамаларын жандандыру және шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына түсу гранттарының иегері атануына қолдау көрсету мақсатында ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында Республикалық «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың ашылу салтанатына «IQanat» білім қорының Жамбыл облысы филиалының координаторы Нартаева Толқын Өтеуліқызына, «IQanat» білім қорының Жамбыл облысы филиалының мамандары Жанысбаева Меруерт Бақытжанқызы, Сәтбек Гүлназ Болатқызы, Алдыкеева Гүлназ Махам- бетқұлқызы, аудандық білім бөлімінің басшысы Есенов Сәкен Бөрібайұлы қатысып, оқушыларға олимпиада барысында білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетулеріне сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Байтүле- кова Жанар Болатқызы және мектеп-лицейі директоры Қыстауов Болатбек Таңір- бергенұлы «IQanat» олимпи- адасының аудандық кезеңін ұйымдастырып өткізуге зор үлес қосты. Аудан мектептерінен олимпиадаға 342 оқушы қатысып, 4 пән бойынша: математика, физика, ағылшын тілі пәндерінен түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, қазақ әдебиеті мен орыс әдебиеті пәндері бойынша «Эрудит» эссе байқауына қатысып, білімдерін сынады. Олимпиада жеңімпаздары шетел және Қазақстан ЖОО-ларына түсу гранттарының иегері атануға, сондай-ақ екі жыл бойы ҰБТ және IELTS-ға тегін дайындалуға бірегей мүмкіндік алады.
«IQanat» ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы еліміздің білім беру жүйесін дамытуға қолдау көрсететініне сенеміз.