Алғашқы қадам – білім жолына! 🎒📚

0
6

Жаңа оқу жылы қарсаңында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының басшылығы мен кәсіподақ ұйымының төрайымы мекеме қызметкерлерінің биыл 1-сыныпқа қадам басқалы отырған балаларына арнайы сыйлықтар табыстады.

Мектеп табалдырығын алғаш аттау – әр баланың өміріндегі ерекше әрі ұмытылмас сәт. 💫 Бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасып, білім әлеміне бастар алғашқы қадамдарына ақ жол тілеу – үлкен ықыластың белгісі.
Ақ жол, жас шәкірт! Білім жолың жарқын, болашағың баянды болсын! 🎓✨

Comments are closed.