Жүрекке жылу сыйлаған кеш

0
5

🌄✨ Жүрекке жылу сыйлаған кеш ✨🎶

“Жайдарлы жаз – 2026” бағдарламасы аясында жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді және көңілді өткізу мақсатында табиғаттың тұмса сұлулығы мен тау шатқалының керемет көрінісі аясында жастардың басын қосқан ерекше кеш өтті. ⛰️🌿

Жастар садақ атып, атқа мініп серуендеп, табиғаттың көркем көрінісінен ерекше әсер алды. Әр сәт көтеріңкі көңіл-күйге, шат күлкіге және жарқын әсерлерге толы болды. 😊💫

Күн ұясына қонып, айналаны кешкі тыныштық баураған сәтте алау жағылып, жастар ән мен әуеннің айналасына топтасты. Гитараның қоңыр үніне қосылған сырлы әндер кештің сәнін келтіріп, әр жүрекке ерекше әсер сыйлады. 🎸🎵❤️

Бірлік пен достықтың, сыйластық пен шынайылықтың үлгісіне айналған бұл кеш қатысушылардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз. 🌙✨

Ән де жүректен шықты, әсер де жүректе қалды… 🫶🎶

Comments are closed.