«Парктер шеруі» атты мерекелік концерт өтті

0
5

Экологтар күніне орай ұйымдастырылған табиғатты қорғау акциясы аясында Меркі ауданының «Үміт» сарайында «Парктер шеруі» атты мерекелік концерт өтті.

Іс-шара табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және тұрғындарды табиғатты аялауға үндеді. Концерт барысында көрермендер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, әсерлі өнер көрсетілімдерін тамашалады.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір отырғызылған ағаш пен таза ұсталған аула – келер ұрпаққа қалдырар ең құнды мұрамыз.

Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!

Comments are closed.