«АУЫЛ VIBE» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖОБАСЫ аясында Аудандық тарихи-өлкетану музейінде ардақты апалармен тағылымды кездесу ұйымдастырылып, сырлы сұхбат өткізілді.

0
5

📃 Кездесу барысында апаларымыз өздерінің өмірлік тәжірибесі мен еңбек жолы туралы әсерлі әңгімелер айтып, ел дамуына қосқан үлестері жайында ой бөлісті. Сондай-ақ, жас ұрпаққа адал еңбек, ұлттық құндылықтарды қастерлеу, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету жөнінде тағылымды өсиеттерін жеткізді.

📃 Мазмұнды сұхбат барысында ұрпақтар сабақтастығы, отбасы тәрбиесі және адамгершілік қасиеттердің маңызы кеңінен сөз болып, қатысушылар рухани құндылықтарға негізделген тағылымды пікірлермен бөлісті. Кездесу жастардың бойында ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Comments are closed.