Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов Жамбыл ауылдық округінде орналасқан «Загком Корпоративы» шаруашылығына барып, оның жұмысымен танысты

0
4

Сапар барысында аудан басшысы шаруашылықта өсіріліп жатқан ірі қара малды көріп, ет өнімдерін өндіру және өңдеу бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік әлеуеті мен даму жоспарлары талқыланды.

Шаруашылық басшылығы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, өндіріс барысын көрсетті. Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласын дамыту мен сапалы ет өнімдерін өндірудің маңыздылығын атап өтті.

Comments are closed.