Экологтар күніне орай тазалық акциясы өтті

Экологтар күніне орай Меркі ауданының орталық саябағында жастардың қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысып, қоғамдық ақылы жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыстап, еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Табиғатты аялау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.














