Атқарылған жұмыс та көп, жоспар да аз емес

0
39

Биылғы жыл аудан үшін елеулі өзгерістер әкелетін жыл болары анық. Өйткені ауданның 2025 жылдарға дейін даму жоспары құрылып, облыста бекітілді. Бұл жобаларды іске асыруға облыстан, республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінбекші. Биыл аудан аумағында жаңа тұрғын үйлер, бой көтеріп, жолдар жөнделіп, жаңа кәсіпорындар, жаңа шағын зауыттар, ашылмақшы. Осы жаңашылдықтардың ішінде орталық көшенің көңейтілуі. Бұл сүйінші жаңалық көптің көңілінен шығады деген ойдамыз. Аудан әкімдігінің жоспары бойынша орталық Исмаилов көшесі төрт жолақты болып, 9 метрге дейін кеңейтілетін болады. Бұл ауданда көлік қозғалысын реттеп, кептелістердің болмауына септігін тигізері анық. Сонымен қатар, орталық көше бойынан екі жерден сергек камералары оратылып, тәртіп қатаң бақылауға алынатын болады. Осы орайда ауданда атқарылатын және 2025 жылдарға дейін жоспарланған жобалар тізбегі төмендегідей.
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 772,5 км, оның ішінде: Республикалық маңызы бар жол — 178 шқ., жақсы және қанағаттанарлық үлесі 100%, облыстық – 50,8 шқ, жақсы және қанағаттанарлық үлесі 100%, аудандық – 115,6 шқ., жақсы және қанағаттанарлық үлесі 95,8%. Сонымен қатар ауылдық округке қарасты ауылішілік көше жолдары жалпы 453 көше немесе 428,1 шқ., жақсы және қанағаттанарлық үлесі 91,1%.
2022 жылға 5 жобалау сметалық құжатама жұмыстарына, яғни 32 көшеге республикалық бюджеттен 399,0 млн. теңге қаражат қарастырылған болатын. Бүгінгі күнге “Ауыл Ел Бесігі” бағдарламасы аясында Аспара ауылына қарастырылған 97,3 млн. теңге немесе 8 көше жолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған Ақермен, Т.Рысқұлов ауылдық округтерінің 24 көше жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталмауына байланысты, игерілмеген 259,3 млн. теңге қаражатты 2023 жылға қарастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар О.Умбетов 1,8 шқ. көшесінің орташа жөндеу жұмыстары және аудандық, ауылдық округтерінің басты көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Санаторий бағытындағы автомобиль жолының бойында орналасқан қауіпті аймақты қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып, толығымен аяқталды.
Ауданда 45 елді мекеннің 41-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, немесе 91,1% құрап отыр.
Есепті кезеңде «Арал қыстақ» ауылындағы ауыз су жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 46,6 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Андас батыр ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен 886,1 млн. теңге қаражат бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудан аумағында 45 елді мекен бар. Оның ішінде 40–і табиғи газ магистраль құбыры тартылған 88,8% немесе (халықпен есептегенде 84224 тұрғын 99,0%). Ал қалған 5 елді мекен оның ішінде Жауғаш батыр, Мыханды, Қарасу, Тасөткел, Шемен елді мекендері қамтылмаған 11,2% немесе (халықпен есептегенде 516 тұрғын 1,0%).
2022 жылы елді мекендерді табиғи газбен қамту мақсатында Қарасу ауылына облыстық бюджеттен 157,0 млн. теңге қарастырылып, оның ішінде 50,0 млн. тенгесі 2022 жылға, ал қалған 107,0 млн тенгесі 2023 жылға өтпелі, Ақкөз Қайнар ауылына 31,9 млн. тенге және Беларық ауылына ішкі газ құбырын тартуға 70,0 млн. тенге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды және табиғи газбен қамтылды (306 тұрғын).
Ауданның 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспары бекітіліп, ауданды дамыту бағытында көптеген жұмыстар қолға алынуда.
2022-2025 жылдар аралығында Меркі ауданында құны 22,4 млрд. 107 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 1160 жаңа жұмыс орны құрылады. Оның ішінде тұрақты жұмыс орны 783, уақытша 377 жұмыс орны.
Ауыл шаруашылығы бағытында 50 жоба 2,7 млрд., нәтижесінде 656 жұмыс орны ашылады, оның ішінде 279 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
2022 жылға жоспарланып орындалған 9 жоба – құны 684,0 млн.тг, толықтай іске асырылып, 112 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 55-і тұрақты жұмыс орны.
2023 жылға 7 жоба құны 271,0 млн. теңге жоспарланып отыр, нәтижесінде 86 жұмыс орны ашылады.
2024 жылға 13 жоба жоспарлануда, құны 484,0 млн. теңге.
2025 жылға жоспар 21 жоба құны 1238,0 млн. теңге, жоба іске асса, 332 жұмыс орны, оның ішінде 134 тұрақты жұмыс орны ашылмақшы.
Өнеркәсіп саласында 2022 жылға жоспарланған 25 жобаның құны 1,7 млрд. тг. құрап, 231 жұмыс орны ашылды, жоспар толығымен орындалды.
Бұл салада жалпы құны 19,7 млрд. құрайтын 57 жобаны іске асыру жоспарлануда:
2023 жылға жоспар 22 жоба құны 2,8 млрд. тг., нәтижесінде 173 жұмыс орны ашылады.
2024 жылы 7 жоба жоспарлануда құны 624,0 млн. тг. 54 тұрақты жұмыс орны;
2025 жылға жоспар 3 жоба құны 14,6 млрд. тг., 46 тұрақты жұмыс орны;
2023-2025 ж. аралығында Меркі ауданында қосымша құны 862,4 млн. тг., 22 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орны құрылады. (тұрақты жұмыс орны 55, уақытша 28 жұмыс орны).
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша қосымша 12 жоба, құны 686,2 млн. теңге, нәтижесінде 66 жұмыс орны ашылады.
2023 жылға қосымша 9 жоба құны 303,2 млн. теңге, нәтижесінде 43 жұмыс орны ашылады, 23 тұрақты;
2024 жылға қосымша 3 жоба құны 383,0 млн. теңге, нәтижесінде 23 жұмыс орны ашылады, 15 тұрақты;
Есепті кезеңде Ойтал ауылында 180 орындық және Мыңқазан ауылында 90 орындық мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысандар 2023 жылға өтпелі.
Сонымен қатар Кеңес ауылдық мәдениет үйі, Тәтті, Ақжол, Бельарық ауылдық клубтары газдандырылды, аудандық мәдениет үйінің дискозалы жөнделді, Ақтоған, Ақарал ауылдық мәдениет үйлеріне пандус орнатылды.
Әрине, бұл жұмыстардың жобасы. Ауданның даму жоспарына енген осы жобалар іске асырылған жағдайда тұрғындардың әлеуметтік те, экономикалық та жағдайы көтерілетін болады. Сонымен қатар, ауданға келіп, іске асырылып жүрген пилоттық жобаның да халықтың әлеуетін көтеру жолындағы маңызы зор. Биыл Ақермен, Ақтоған ауылдарында бұл жоба іске асырылуда.

Ләззат Серікбай,
«Меркі Ақиқат»

Comments are closed.