МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ–АУДАНДА

“AMANAT” партиясы Меркі аудандық филиалының мәжіліс залында ҚР мәжіліс депутаты Раззак Назиля Раззакбаевнаның жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында Ақарал, Жамбыл ауылдық округтерінің тұр-ғындары жер, зейнетке шығу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша қайырылды. Аталған мәселе соңында, азаматтарға заң аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Депутат сонымен қатар, Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысымен де танысты.
Мәжіліс депутаты Жаңа Қазақстанның негізгі міндеті – адам құқығын қорғау және «Адам құқықтарының сақталуы құқық саласы қызметкерлерінің әділетті болуымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Кездесу барысында аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Мамытбековтың тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, ұсыныстардың заң аясында қарастырылатындығын жеткізді.
Келесі кезекте №9 Меркі колледжінің жұмысымен танысты. Онда колледждің материалдық базасын көріп, білімгерлердің оқу кабинеттерін аралады.Жұмыспен танысу барысын-да, колледж директорының тарапынан жатақхана мәселесі бойынша ұсыныс айтылды. Қазіргі таңда оқу орнында 665 оқушы 7 ма-мандық бойынша білім алуда. Ол алыс мекендерден келетін білімгерлерге күн-делікті келіп кету немесе жатып оқитын орынжай табу қиындық тудырып отырғаны мәлім.
Бұл мәселе көп жылдар бойы көтеріліп келгенімен әлі күнге шешімін таба алмауда. Бұл тұрғыда колледж директоры Ғ.Мамырбаевтың бармаған есігі қалмай тұр. Әрине, оқушыларға білім алуға толық мүмкіндік жасау – басты міндет. Жатақхана құрылысына мемлекеттен қаржы бөлінсе, бұл мәселе әп-сәтте шешімін табар еді. Парламент Мәжілісінің депутаты Назиля Раззакбаевна өз тарапынан бұл мәселені көтеретінін жеткізіп, ұсыныс-ты қолдайтынын білдірді.
«Меркі Ақиқат“