СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРУДЕ

0
45

«AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2022 жылғы жартыжылдықта атқарған жұмыстары ту-ралы ақпаратты кеңес өтті.

Партияның аумақтық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің басты мақсаты – қоғамды Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу оны болдырмау, кеңес отырыстарында партия мүшелерінің жауапкершіліктерін арттыру тәжірибесін орнықтыру.
Жалпы, жұмыс барысында тұрғындарды толғандырған түйіткілдердің түйінін тарқатуға басымдық беріліп келеді. Бұл тұрғыда Мемлекетті басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер ұсынылады. Сонымен қатар, партияның Меркі аудандық филиалының Мемлекетті басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруда.
Партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен және қатысуымен есептік кезеңде Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері тақырыбына дөңгелек үстел, зерделеу жұмыстары және кездесулер өткізілді.
Атап айтатын болсақ, «Әлеуметтік қамтамасыз ету” бойынша Меркі аудандық бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және ондай жағдайды болдыртпау мақсатында дөңгелек үстел, мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясы тарапынан аудан аумағында “Ауыл ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы орындалған жол құрылыстарының сапасына зерделеу жұмыстары жүргізілді және де Партиялық бақылау комиссиясы мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан күрделі жөндеуден өткен ауылішілік көшелерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрақты түрде төтенше жағдайлар жөніндегі бөліммен және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі жұмыстың жай-күйі атты дөңгелек үстелдер өткізілді.
Жалпы есептік кезенде Кеңес мүшелері тарапынан өткізілген іс-шараларға кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымының жетекшілері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері жұмылдырылып, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

«Amanat» партиясы Меркі аудандық филиалы

Comments are closed.