Үздік спикер
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Меркі ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен Оқушылар «Үміт» сарайында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай «Қаһарман қызы қазақтың» атты аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге №14 М.Жылысбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Қазақ» фракциясы, №9 В.Савва
атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің «Көк ту» фракциясы, №28 жалпы орта білім беретін мектептің «Жасұлан» фракциясы, №44 жалпы орта білім беретін мектептің «Дарабоз» фракциясы қатысты.
Ойынның бірінші айналымында «Б.П Балалар үйі мен қарттар үйін қосу ақталмайды», екінші айналымда «Б.П балаларға арналған веб сериалдарды дамытудың тиімді механизмін ұсынады» деген қарар ұсынылып, нақты аргументтер мен дәлелдемелер ұсынған №9 В.Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары мен №14 М.Жылысбаев атындағы ЖОББМ-нің «Қазақ» фракциясы басымдылық танытты. Ойынның нәтижесінде №9 В.Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің «Көк ту» фракциясы І орынды, №14 М.Жылысбаев атындағы ЖОББМ-нің «Қазақ» фракциясы ІІ орынды, №28 жалпы орта білім беретін мектептің «Жасұлан» фракциясы ІІІ орынды иеленді. Ойын барысында шеберлік танытқан «Көк ту» фракциясының спикері Кенесбай Назира «Үздік спикер», ал «Қазақ» фракциясының спикері Жолшыбек Диас «Үздік сараптама» номинациясын иеленді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Оқушылар «Үміт» сарайының демеушілігімен жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Ә.Боранқұлова,
Оқушылар «Үміт» сарайының қосымша білім беру педагогы