Отбасым — мақтанышым, тірегім!
Тараз қаласы, Достық үйінде «Балалар жылына“ орай, облыстық ата-аналар форумы болып өтті. Іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жамалов Талғат Салқанұлы болды. Форумның мақсаты қазіргі заман отбасыларындағы бала тәрбиесі, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын және отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы, жауапкершілігін арттыруға шақыру болды. Форумға ЖОО-ның ғалымдары, барлық аудандардың, Тараз қалалық ата-аналар комитеттерінің төрайым, төрағалары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Форумды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастырып өткізді. Салтанатты шара Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасымен ашылды. Қатысушылар «Ұлттық қолөнер — ұлт қазынасы“ атты көрмені тамашалады. Алғысөзді Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімінің орынбасары Т.Жамалов сөйледі. Бұдан соң, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ел ана“ қоғамдық қорының Президенті, республикалық «Мөлдір бұлақ“ журналының бас директоры Сәуле Мешітбайқызы, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, Дулати атындағы ТарМУ-дың доценті О.К.Джолдасова, ардагер ұстаз, К.Қ.Ахметжанова, Рысқұлов аудандық ата-
аналар комитетінің төрағасы Б.Исаев баяндама жасады. Соңында форум жұмысы қорытындыланып, үндеу қабылданды. Баяндамаларда жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу, бала тәрбиелеуде жетістік кілті, ұлағатты отбасы, парасатты отбасылар туралы кеңінен сөз болды.
Ә.Боранқұлова,
Меркі аудандық «Берекелі Шаңырақ“ ата-аналар комитетінің төрайымы