Мектептің жаңа тыныс – тіршілігі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту – саясатымыздың басым бағыттарының бірі болып отыр. Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, бәсекеге қабілетті, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу – тәрбиенің негізгі мақсаты.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.
Ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектептерде өскелең ұрпақтың патриотизмін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралар өткізілді.
Мәселен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұсынылған 8 блоктан тұратын іс –шаралар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Балалық шақты қорғау және балалардың құқықтарын қамтамасыз ету – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Қазақстанда 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. «Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында М.Жылысбаев атындағы №14 ЖОББМ жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Лагерь барысында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Жаңатоған ауылдық округінің әкімі
М.Е.Рамадановтың ұйымдастыруымен балаларға арналған түрлі ойындар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, балаларға сыйлықтар мен балмұздақ таратылды.
«Рәміздерім елдігімнің ертеңі» тақырыбы бойынша бірыңғай лагерге қатысқан оқушылар мемлекеттік әнұранды орындады. «Мемлекеттік рәміздер еліміздің нышаны» тақырыбында «Мен және менің отбасым» эстафеталық жарысы ұйымдастырылды. «Рәміздерім-мақтанышым!» тақырыбында лагерьге қатысушылар арасында сурет байқауы өткізілді.
Аудан әкімі Ж.Н.Баубеков және Жаңатоған ауылдық округінің әкімі Е.М.Рамаданов №14 ЖОББМ-нің дарынды оқушыларымен кездесіп, сұхбат жүргізді.
Мектеп ауласын абаттандыру мен көгалдандыруға арналған мектеп оқушылары арасында «Көрікті менің мектебім» атты мектеп ауласына жаңа гүлзарлар орнатып, гүлдер, талдар отырғызу жүргізілді,. Жалпы 30 түп қылқанжапырақты ағаштардан кішігірім саябақ жасалды. Мекеме аумағын көріктендіру мақсатында 100 түп раушан гүлдері және 400 түп петуния гүлдері егілді. Мектеп ауласындағы 5 соттық гүлзарға маусымдық гүлдер егілді. Мектеп ауласын көгеріштендіруге 50 оқушы атсалысып отыр.
«Балалар еңбегі – тәрбиелеудің негізгі құралы.
Сондықтанда бала тәрбиесіне зор үлес қосу, жастардың зердесіне білім мен тәрбие қорын ұялату барша педагогтардың алдындағы үлкен парызы деп білеміз. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып, іздену үстінде жүрген әріптестерімізге тек сәттілік тілеймін.
М.А.Амирова,
М. Жылысбаев атындағы №14 ЖОББМ ДТЖО