Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті – әдеп нормаларын сақтау

0
66

ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақты-лығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жөнінде бастама көтеріп, оның азаматтардың өтініштеріне шұғыл әрі тиімді әрекет етуге бағытталуы қажеттігін айтқан еді. Осы орайда, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтегі мәселелердің көбісі жергілікті атқарушы органдардың азаматтармен тиісті деңгейде кері байланыстың бол-мауына байланысты екеніне назар аударған болатын.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойылып отыр. Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына да тікелей байланысты болмақ. Ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні Мемлекет басшысы ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Жалпы, әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ, әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды атқарады, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзудың алдын алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға белсенділік танытқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыным білдіреді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайтудың мақсаты – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметшілердің мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №3-11/23 шешімін басшылыққа ала отырып, Меркі ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары жөнінде жұмыстар атқаруда.
Атап айтсақ, Меркі ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары аудандық аппараттық кеңестің күн тәртібінде қаралды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің бөлімдері мен аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілермен арнайы кездесулер өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясының мазмұны түсіндірілді. Кездесулерде мемлекеттік қызметшілердің сыпайылығы, қоғам тарапынан сын тудырмауы, киім үлгісін сақтауы, қызмет бабын асыра пайдаланбау, сондай-ақ, жұмыстан тыс уақытта да адамгершілік қағидаттарын сақтау сынды әдеп нормалары айтылды.
Сондай-ақ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да бұл бағытта мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормалары жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

Берік Бегалиев,
Меркі аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі

Comments are closed.