Басты байлық – денсаулық

0
83

Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері аты жаман
індетпен күресудегі жалпыға ортақ тәртіпті сақтап, өз жұмысын ұйымдасқан
түрде жұмыла, онлайн форматта жалғастыруда. 2021 жылдың 26-ақпанындағы
Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Қиясовтың №7 қаулысына сәйкес,
Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейіне «Ashyq» қосымшасы
орнатылды. «Ashyq» – қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы.
Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР зерттеулерінің
бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Сovid-19-ды бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады. Статус түсі нені білдіреді? Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу
жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР тестілеуі теріс
нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады. Көк статус – ПТР тестілеудің
нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ.
Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған
адам. Қызыл статус – жүріп-тұруды шектелгенін, Covid-19-ға оң нәтиже
шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.
Бұл шараның халыққа пайдасы қандай? Қауіпсіздік. Бүгінде кез келген
формада (ауру белгілері бар немесе белгілері жоқ) COVID-19 індетімен
ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта
жеке қолтаңбамен растайды. Алайда, көп жағдайда өзін-өзі оқшаулау режимі бұзылып жатады. Ауырып қалған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық
орындарға барады, коронавирустың таралуына себепші болады. Қосымша осындай келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін қаламына арқау етіп, қазақ халқының Тәуелсіздік алған жылдардан бері небір қиындықты да, қызықты да бастан өткеріп келе жатқанын ескеріп, бұл
дүрбелеңнен де аман-есен өтетінімізді, үшін, ең алдымен, әр отбасында, әр
ұжымда ауызбіршілік, өзгеге деген жанашырлық болуы керек. Ел билігінде коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдануда, музей ұжымы да толықтай қолдау көрсете отырып, сын сағатта артық дүрбелеңсіз, сабырлық сақтап, «жұмылған жұдырықша бір болсақ», қандай да
қиындықты жеңерімізге сеніміміз кәміл. Осындай қиын кезеңде халқымызға
қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірігіп сабырлы болып, бір жеңнен қол,
бір жағадан бас шығарсақ, бұл нәубетті де жеңеміз.

Айман Жүрсіналиева,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің бөлім жетекшісі.

Comments are closed.