Сақтық шараларын сақтау маңызды!

0
122

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты,
облысымызда 3-тамыз, сағат 00:00-ден бастап жаңа Қаулы күшіне енді. Ол
бойынша, форум, көрме, конференция
сияқты адам көп жиналатын түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға
рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, театрлардың, концерт залдарының,
филармониялардың, билярд, боулинг,караоке, компьютерлік клубтардың да
жұмысына тыйым салынып, той, банкет,еске алу сынды шаралар өткізуге рұқсат
етілмейді. Қалалық жерлерде жексенбі күні қоғамдық көліктің қозғалысына
тыйым салынды. Ал, балаларды түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге
арналған білім беру орталықтары топты толтыру кезінде 15 адамнанан аспай,
алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.
Иә, мұның бәрі аймақтағы эпидахуалды тұрақтандырып, індеттің
одан әрі таралуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар екені анық.
Сондықтан, құрметті аудан тұрғындары, сақтық шараларын барынша сақтап
жүрейік. Біреу үшін емес, өзіміз үшін, отбасымыз бен жақындарымыз үшін.
Елдегі болсын, өңірдегі болсын, жалпы, эпидахуалдың жақсаруы мен күрделенуі
біздің әрбірімізге тікелей байланысты.Отбасылық түрлі іс-шараларды тоқтата
тұрайық. Қазір той тойлап, думандататын емес, сақтық шараларын сақтап,
індетпен күресетін кез. Осы бір жаман дерттің қаншама азаматтарымызды
жалмап кеткені баршамызға аян. Біреу туғанынан, біреу танысынан, енді біреу
дос-жаранынан айырылды. Ал, енді қаншама адам тәж тажалмен бетпе-
бет келіп, жаны қиналып, салауатты өмірдің қадірін түсінді. Одан қала берді, індет пайда болғалы бері, бір жарым жылдың ішінде карантин
шараларына байланысты қаншама азамат материалдық тұрғыдан да
шығынға ұшырады. Қалыпты өмірге қайта алмай әлі де сандалып келеміз.
Міне, осының бәріне бір сәт назар аударып, осы қоғамның бір мүшесі
ретінде, әрбіріміз қазіргі жағдайды таразылайықшы! Вирус пайда болғалы бері, оны тек
ұжымдық иммунитет қалыптастырып қана жеңуге болатынын түсіндік. Бұл
ретте, халық үшін екпе салдырудың маңызы зор болмақ. Қазіргі уақытта
елімізде вакцинаның бірнеше түріне қолжетімді. Ел тұрғындары өздері
қалаған екпені салдыруға болады. Ал, олардың әсер ету көрсеткіші ғылыми
тұрғыда дәлелденген. Ел ішіндегі әлеуметтік желілердегі желдей
ескен дәйексіз ақпараттарға сеніп, халықтың санасына кері әсер етудің,
азаматтардың арасына іріткі салудың мүлде қажеті жоқ. Түптеп келгенде,
вакцина салдырмаған әрбір адам –вирустың таралуына үлкен жол ашатын,
індеттің таралу үдерістерін бір-бірімен жалғайтын, байланыстырушы тетік
болып саналады. Сондықтан, ахуалды тұрақтандырып, қалыпты өмірге
қайта оралудың бір ғана жолы – сақтық шараларын орындау болып табылады. Тек, өзіңіздің ауырмағаныңыз ғана емес, сондай-ақ, өзгелердің де ауырмағаны,
өзгелердің де вирусты жұқтырмай, жақындарының жараланбағаны маңызды. Осыны жете түсініп, соған амал еткенде ғана біз елдігімізді танытып, ерлік істеген болар едік.

Comments are closed.