Еңбек ер атандырады

0
1166

Мәдениет қызметкерлері күні құрметіне мәдениет саласындағы өнерпаздарға, мұражайлар мен кітапханалардың қызметкерлеріне, мәдениет үйлері мен ауылдық клуб мамандарына, ақындар мен жазушыларға аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатта ерекше құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі Руслан Нұрсипатов Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай мәдениет саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Руслан Нұрсипатов құттықтау сөзінде: – Құрметті мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Біріңіз осы салада көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп, еліміздің руханиятына өзіндік үлестеріңізді қоссаңыздар, ал енді біріңіз әлі де еңбек етіп келесіздер. Жалпы, мәдениет саласында қызмет істеу – бұл үлкен жауапкершілік. Еліміздің ұлттық бірегейлігін нығайтуда, халқымыздың ата-баба дәстүрін жалғастырып, дәріптеу жолында абыроймен еңбек етіп келесіздер. Халқымыздың ұлттық кодын қайта жаңғыртуға үлкен жол ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, «Ұлы даланың жеті қыры» сынды мемлекеттік маңызды бағдарламалардың нәтижелі жүзеге асырылуында мәдени қыз-
меткерлердің, яғни, сіздердің еңбектеріңіз орасан зор, – деп Руслан Маратұлы көпшілікке ыстық ықыласын білдірді.
Руслан Маратұлы ауданның мәдениет саласының дамуына зор үлес қосып, осы салада ұзақ жылдар қызмет еткен ардагер аналарға камзол кигізіп, ақ жаулық жауып сый-құрмет көрсетсе, театр әртістеріне, кітапхана мен мұражай, жалпы мәдениет саласындағы елеулі еңбектерімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлерге «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары» және «Құттықтау хаттарын» табыстады. Осы орайда, «Береке» тобы мен «Естелік» ардагерлер тобындағы әжелер де аудан әкімінің Алғыс хаты мен марапатына ие болғанын атап өткеніміз абзал болар.
Сонымен қатар, ұлттық өнерді дәріптеуші ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерлері, білім бұлағымен сусындатқан кітапханашылар, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлаған театр өнерпаздары, ауылдардағы мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген азаматтарға аудан әкімінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты» және «Құттықтау хаты» табыс етілді.
Мерекелік шарада аудандық Мәслихат хатшысы Мұратбек Көкрекбаев мәдениет қызметкерлерін құттықтап, Алғыс хаттар табыс етсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев өз ізгі тілектерін білдірді.
Өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасында дәстүрлі әндер, ұлт аспаптар ансамблінің орындауындағы күйлер мен патриоттық әндер орындалып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметі





Comments are closed.